Қазақстандық боксшы Дакарда жартылай финалға жолдама алды

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Марал Төлепберген ширек финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспавсөз қызметіне сілтеиме жасап. 

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өткен еді.

Оқи отырыңыз: 11 қарашада Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр