Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

16.04.2026 12:18

Спортшы құрлық біріншілігінің жүлдесіне таласу мүмкіндігін сақтап қалды

International Judo Federation

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

66 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қазақстандық балуан Оңтүстік Корея өкілі Ким Чан Ёнға есе жіберген болатын.

Соған қарамастан, спортшы құрлық біріншілігінің жүлдесіне таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Жұбаныш кезеңінде Серікбаев Моңғолия өкілі Ёлка Казирбыйекті жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Үшінші орын үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы кейінірек анықталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Дүниежүзілік банк алаңында жаңа экономикалық бастама көтерді