Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі алтын медаль алды

07.08.2026 10:37

Ескек есу марафоны бойынша турнир Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр

t.me/olympickz

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиалда комитетінен хабарлағандай, құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.

Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Оқи отырыңыз: Қазақ киносының ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы жетістігі артып келеді

Толық көрсету