Тартысты өткен жекпе-жек 0-2 есебімен Иран спортшысының пайдасына шешілді
Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Жазғы универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров -63 кг салмақтың жартылай финалында былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Мехди Хаджи Мусаимен айқасты.
Тартысты өткен жекпе-жек 0-2 есебімен Иран спортшысының пайдасына шешілді. Самирхон осыған дейін іріктеуде Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезиядан келген қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңді.
Бүгін жарыс жолына шыққан Айдана Сүндетбай (-53 кг) ширек финалда әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы Дуниа Әли Абуталебке (Сауд Арабиясы) жол берді.
Ал Акрамат Долгиев (-63 кг), Мейір Нұрғазин (-87 кг), Азиза Қаражанова (-53 кг), Аяулым Асқар (-67 кг) 2-кезеңде қарсыластан ары аса алмады.
Оқи отырыңыз: Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді