Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, қазақстандық спортшылар арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.
Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.
Ал нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлдені канадалық Валери Мальте (1:54.40) еншіледі.
Оқи отырыңыз: 21 ақпанға арналған валюта бағамы