Қазақстанның намысын қорғайтын 36 спортшы жүзге жуық лицензия алған
Италияда өтетін Қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан 13,3 миллиард теңге жұмсаған. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұл қаржы оқу-жаттығу жиындарына, спортшыларды жарысқа қатыстыруға және спорттық жабдықтар сатып алуға жұмсалғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, қаражат жиырма өңір мен республикалық бюджеттен бөлінген. Дүниежүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Қысқы олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын 36 спортшы жүзге жуық лицензия алған. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі.
«Егер халықаралық аренада салыстырмалы түрде алсақ, үлкен жетістік. Олимпиадаға лицензия алу төрт жылдықта әр спортшының қолынан келе бермейді. 36 спортшы жүзге жуық лицензия алды. Соның бес-алтауы – әлем біріншіліктерінде топ жарып жүрген спортшылар. Солар олимпиадаға бара жатыр. Ал оның нәтижесі олимпиада ойындарында, әлем чемпионатында көрінеді. Мемлекет өз тарапынан жағдай жасап жатыр», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионатының кубогы Алматыға жетті