Маңызды матч 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 24:00-де басталады
Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері сырт алаңда Португалияның атақты «Спортингіне» қарсы ойнайды. Лиссабондағы әйгілі «Жозе Алваладе» аренасында өтетін маңызды кездесуде екі бірдей қазақстандық жас ойыншы рекорд орнатуы мүмкін.
Егер 17 жастағы Дастан Сәтбаев мергендігімен көзге түссе, ол Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшы ретінде тарихқа енбек.
Ал 18 жастағы Шерхан Қалмұрза алаңға шыққан сәтінен бастап-ақ ең жас қақпашылардың үздік үштігіне кіруі мүмкін.
Айта кетейік, маңызды матч бүгін Астана уақытымен сағат 24:00-де басталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді