Қазақстандық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетпек
Монакода өткен жеребеде 2025/26 маусымының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазақстандық клуб осы кезеңде сегіз матч өткізеді — төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда.
Алматыда «Қайрат» әйгілі испандық «Реалды», бельгиялық «Брюггені», гректің «Олимпиакосын» және кипрлік «Пафосты» қабылдайды.
Сырт алаңдағы кездесулер де осал емес қарсыластармен өтеді: италиялық «Интермен», ағылшындық «Арсеналмен», португалиялық «Спортингпен» және даталық «Копенгагенмен».
«Қайрат» үшін бұл тарихи кезең — клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетпек. Мұнда ол Еуропа футболының алыптарымен кездесіп, өз күшін жоғары деңгейде сынайды.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы тарихи триумф: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты