«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

29.07.2026 22:54
Depositphotos

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде кипрлік «Омонияны» пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі.

Қонақтағы алғашқы матчта «Қайрат» 0:1 есебімен жеңілген. Алматыдағы қарымта кездесуде алматылықтар 1:0 есебімен жеңіп, жалпы есепті теңестірді.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. «Қайрат» 6:5 есебімен басым түсіп, турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Оқи отырыңыз: Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Омониямен» шешуші кездесу өткізеді