Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды
Аlmaty.tv
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде кезекті қазақ балуаны жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sport + порталына сілтеме жасап.
Париж олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынап, қарсылас шақ келтірмеді.
"Отандасымыз финалда ирандық балуанға қарсы белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті", - делінген хабарламада.
Осылайша, Сыздықов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлдені салды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Мысырда өтіп жатқан жарыстың финалында ойнайды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34