Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс медалін жеңіп алды

28.09.2026 09:27

Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды - 9:04.36

Depositphotos.com

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі OLYMPIC.KZ-ке сілтеме жасап.

Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.

Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды - 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді - 9:08.67.

Толық көрсету