Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды

19.10.2026 08:40

Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты

Depositphotos.com

Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының командалық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты.

Ел құрамасы жарыс барысында бес кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 1/16 финалда Түркияны 45:20 нәтижесімен тізе бүктірсе, 1/8 финалда Гонконгтан 45:28 ұпаймен басым түсті. Ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалда Франциядан (45:39) айласын асырды.

Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.

Толық көрсету