Грэпплингтен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды

instagram.com/qazgrappling
instagram.com/qazgrappling

Алтын жүлде АҚШ құрамасына бұйырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грепплингтен Қазақстан құрамасы Астанада өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыз грэпплинг бойынша бес медаль (бір күміс және төрт қола) жеңіп алып, үшінші орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Алтын жүлде АҚШ құрамасына бұйырса, Польша құрамасы күміс медальға қол жеткізді.

«58 келі салмақта Нұрайым Мұңайтбас күміс жүлдені жеңіп алды. Әлихан Алшынбай (58 келі), Арулан Құрманалиев (62 келі), Бекзат Қапашов (66 келі) және Нұрбек Талбудин (71 келі) қола медаль алды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жастар (U15), жасөспірімдер (U17) және жастар (U20) арасындағы жарыстарда медальдық есепте көш бастады.

Балуандарымыз 88 медаль (16 алтын, 29 күміс, 43 қола) жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: Алматыда АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары басталды

Новости партнеров