Жарыстың жүлде қоры - 50 мың доллар
Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Респубикасы кубогының финалы өтті. Онда еліміздің әр аймағынан жиналған кіл мықтылар сынға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
32 қатысушының 16-сы ерлер арасында, 16-сы әйелдер арасында ойнады. Қатарында Өзбекстан, Үндістан, Грузия, Украина сынды мемлекеттерден келгендер бар. Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған жарыстың жүлде қоры - 50 мың доллар.
"Жалпы осы финалға өту үшін 3 кезеңнен өту тиіс болатын. Жыл басында Ақтөбеде ірі жарыс болды. Келесі кезең Өскеменде өтті. Ол жерде де үлкен жарыс болды. Үшінші кезең Павлодарда өткізілді. Оның да жүлде қоры – 50 мың доллар. Ол жерде 16 мемлекеттен шахматшылар, гроссмейстерлер келіп, өз ойындарын паш етті", - деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Оқи отырыңыз: Қазақстан экономиканы қолдау үшін 105 млрд йен қарыз алатын болды