Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында нешінші орын алды

20.06.2025 20:53

Қылыш қаруымен семсерлесуден ерлер арасындағы сайыстың жеңімпаздары анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қылыш қаруымен семсерлесуден ерлер арасындағы сайыстың жеңімпаздары анықталды.

«Қазақстандық Артём Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынға ие болды», - делінген хабарламада.

Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Оңтүстік Кореяға бұйырса, қола жүлдені Өзбекстан иеленді.

«Ал рапирамен семсерлесуде әйелдер арасындағы командалық жарыста Алёна Гноева, София Актаева және Күлжан Түсіпбекова жетінші орынға табан тіреді», - делінген хабарламада.

Бұл санатта да Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда Қытайдан басым түсті. Үшінші орынды Гонконг иеленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады