Сондай-ақ спорт саңлақтары арнайы қонақ ретінде шақырылады
8-10 қарашада Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағиптар арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Мұндай ауқымды дода ҚР Самбо федерациясының ұйымдастыруымен елімізде 19 жылдан кейін өткелі отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Әлем чемпионатына бүгінгі күнге дейін 85 мемлекеттен спортшылар қатысуға өтінім білдірді. Елордамызға 750-ден астам шетелдік қонақ келеді. Бұл – алдыңғы чемпионаттармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш.
"Одан бөлек, елордамызға спорт саңлақтарын арнайы қонақ қылып шақырып жатырмыз. Қазақстанда, үш дүркін әлем чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы, мықты спортшылар шыққан. Атақты 4 дүркін чемпион Ерболат Байбатыров бар. Жауынгерлік самбодан Алмас Сүлейменов бар – 3 дүркін әлем чемпионы және т.б.", – деді ҚР Самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов.
М. Бисекенов мұндай ауқымды шаралардың маңызын ерекше атап өтті. Себебі бұл жарыстар өскелең ұрпақтың спортқа деген құштарлығын оятып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға сеп болады. Сондай-ақ Әлем чемпионатының өткізілуі еліміздің туристік әлеуетін арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
Самбодан әлем чемпионатына 28 түрлі салмақтағы спортшылар қатысады, зағип жандар 3 салмақ дәрежесінде күреседі. Осы доданың сыйақы қоры 311 мың долларды құрайды. 1-орын алған спортшылар 4 мың доллар, 2-орын алғандар 3 мың доллар, 3-орын алған 2 спортшыға 2 мың доллардан беріледі. Зағип жандар арасында жеңіске жеткендер 1 мың доллар алады.
Оқи отырыңыз: Қазақ боксшысы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!