Қазақстандық балуандар Польшадағы турнирде тағы екі медаль жеңіп алды
Аlmaty.tv
Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді.
«Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.
Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48