Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті
Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті.
«Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.
Оқи отырыңыз: Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль алды