Қазақстандық спортшы халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

24.11.2024 10:50

Валерий Клименко мәреге екінші болып келді

instagram.com/qaz.iceteam

Қазақстандық Валерий Клименко Италияның Бормио қаласындағы шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қазақстандық конькишілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Спортшымыз 500 метр қашықтығында финалға шығып, мәреге екінші болып келді", - делінген хабарламада.

Бірінші орында Франция спортшысы, қола жүлдені италиялық шорт-трекші еншіледі.

Бұл финалда тағы бір спортшымыз Айбек Темірхан бақ сынап, бесінші орынға табан тіреді.

Оқи отырыңыз: Каратэден алғашқы командалық әлем чемпионатына кімдер қатысады

.