Қазақстандық спортшы қыз сұлулық байқауында жүлделі болды

25.10.2024 14:30

Азия чемпионы Әсел Адамова «Астана аруы» байқауында бақ сынады

instagram.com/fierceadamova

Джиу-джитсудан Азия чемпионы Әсел Адамова «Астана аруы» байқауында бақ сынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Байқауда бас жүлде Ясмин Байболоваға бұйырса, бірінші вице-мисс атағын Дарина Байтеңізова, екінші вице-мисс атағын Ария Құсайынова иеленді.

"Адамова үшінші вице-мисс атанып, сонымен қатар халықтың дауыс беруі арқылы Miss People’s Choice атағын жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Адамова джиу-джитсудан халықаралық жарыстардың жүлдегері, ал 2021 жылы Азия чемпионатында топ жарды.

Оқи отырыңыз: Елдос Сметовтің бапкерінің жалақысына 4 млн теңге қосылды