Қазақстандық спортшы әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихына енді

03.11.2024 16:37

Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен бірге жаттығады

Қазақстандық спортшы әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихына енді
goldenskate.com

Қазақстан өкілі Михаил Шайдоров үштік аксельді төрт жақты ілмекпен біріктіріп орындаған тарихтағы бірінші конькиші атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

"Шайдоров бұл каскадты Франция Гран-приінде орындады. Барлығы екі прокат бойынша 231,86 ұпай жинап, қорытынды 4-орынға ие болды", - делінген хабарамада.

20 жастағы Шайдоров Сочиде Алексей Урмановпен бірге жаттығады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы екі алтын медаль ұтты