Алан Құрманғалиев жартылай финалға шықты
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалға шығу үшін өткен тартысты кездесуде Алан жеке және жұптық сында жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Ли Хэченді (Қытай) жеңді.
Кездесу 4:3 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Оқи отырыңыз: Үш алтын: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды