Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен турнирді үш медальмен аяқтады

16.06.2025 13:11

Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар

olympic.kz

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті, деп хбарлайды Almaty.tv.

Қазақстан құрамасы беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

АҚШ-та екінші орынды Нодира Ахмедова иеленді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Үшінші орыннан Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көрінді.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының жаңартылған рейтингінде көш бастады