Харбиндегі Азия ойындарына қатысатын шорт-трекшілер белгілі болды
Аlmaty.tv
Бұл спортшылар World Tour кезеңдерінде жарысқа қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бас бапкер Петр Гамидовтың айтуынша, Қытайда өнер көрсететін команда 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының және жаңа маусымның қорытындысы бойынша жасақталған.
Бұл спортшылар World Tour кезеңдерінде жарысқа қатысып, Азия ойындарына дайындық жүргізген.
Харбинде медальдар үшін таласатын шорт-трекшілер:
- Денис Никиша;
- Абзал Әжғалиев;
- Мерсаид Жақсыбаев;
- Әділ Ғалиахметов;
- Глеб Ивченко;
- Айбек Насен;
- Ольга Тихонова;
- Яна Хан;
- Малика Ермек;
- Алина Әжғалиева;
- Мадина Жанбусинова;
- Зейнеп Құмарқан.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астана қаласында дайындық жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47