Конькимен жүгіру шебері Кристина Шумекова «Парасат» орденімен марапатталды

07.03.2026 14:39

Әлем біріншілігінде отандасымыз бірнеше медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті

Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткені үшін конькимен жүгіру өкілі Кристина Шумекованы «Парасат» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, әлем біріншілігінде отандасымыз бірнеше медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті:

  • 500 м;
  • 1000 м;
  • 1500 м;
  • көпсайыс;
  • командалық спринт (Варвара Глухова, Анастасия Беловодова, Кристина Шумекова);
  • 3000 м.

Шумекованың айрықша жетістігі конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшін ең жарқын жетістіктердің бірі болды.

Оқи отырыңыз: Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті