Қыздар командалық жарыста жетістікке жетті
Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы Томашов Мазовецкиде (Польша) өтіп жатқан әлем кубогының кіші кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздар командалық жарыста жетістікке жетті.
"Спорттың бұл түрінде Қазақстан намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады", - делінген хабарламада.
Бірінші орын Германияда қалды. Екінші нәтижені Норвегия көрсетті.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық танымал теннисші Ресейдегі турнирде жеңіліп қалды