Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16.05.2025 13:56

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады

Аlmaty.tv

16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды.

«Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды», - делінген хабарламада.

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады