Қазақстандық боксшылар Странджа кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

02.03.2026 10:07

Сонымен қатар, споршылар екі күміс және үш қола медаль иеленді

Depositphotos.com

Қазақстан құрамасы бокстан София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайы  Almaty.tv Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды