Турнирдің алғашқы жарыс күнінде спортшыларымыз сенімді өнер көрсетті
Испанияның Мостолес қаласында жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сенімді өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслана Махатова топ жарып, командаға алтын жүлде сыйлады.
Күміс медальді Қайыргали Роллан (66 кг дейін) мен Гүллсезім Турлыбек (78 кг дейін) еншіледі.
73 келіге дейінгі салмақта Мухамедәлі Закиров қола жүлдегер атанды.
Айта кету керек, жастар арасындағы Еуропа кубогына 23 елден 503 спортшы қатысып, турнирдің бәсекелестік деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық 6 боксшы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі