Жарыс Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатыр
Күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Үш жүлденің барлығы қола медаль:
Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.
Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақтағы Жәмила Бақбергенова жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қола жүлде үшін күресуі тиіс болған.
Алайда федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық балуан жарақат алып, жарыстан шығып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанған еді.
Оқи отырыңыз: Полиция велосипедпен жүргенде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады