Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық балуандар жаппай жеңілді

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Балуандарымызда әлі де қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық балуандар жаппай жеңіліп қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

55 келіде сынға түскен Ербол Камалиев 1/8 финалда Максим Ступакевичті (Беларусь) 4:3 есебімен ұтқанымен, ширек финалда үндістандық Вишважиту Мореден 0:9 есебімен есе жіберді.

63 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Базарбаев 1/8 финалда армениялық Арман Варданяннан 10:0 есебімене ұтылды.

77 келіге дейінгі салмақта Темірлан Қаратай алғашқы белдесуінде ресейлік Исмаил Барахоевтан 6:7 нәтижесімен жеңілді. Ал 87 келіге дейінгі салмақта Бағлан Қуаныш нидерландтық Марсель Стеркенбургке 5:3 есебімен ұтылып, 1/8 финалға шыға алмады.

130 келіге дейінгі салмақта Асылбек Әбдіхалық алғашқы жекпе-жегінде мысырлық балуан Фекра Эйсаны жеңгенімен, 1/8 финалда грек Николаос Нтуниас отандасымызды мерзімінен бұрын ұтты.

Айта кететін жайт, балуандарымызда әлі де қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті

Новости партнеров