Әлем чемпионаты: Қазақстаннан баратын боксшы қыздардың есімі жарияланды

17.10.2024 13:15

Жас боксшыларды аға бапкер Жангелді Ахметов жаттықтырады

Қазақстан бокс федерациясы

23 қазан мен 3 қараша арасында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына баратын Қазақстан қыздар құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аға бапкер Жангелді Ахметов жаттықтыратын жас боксшылар 12 салмақта сынға түседі.

Көп оқылған: Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Атап айтқанда:

  • 48 келі. Әнел Абдрасилова;
  • 50 келі. Елянур Турганова;
  • 52 келі. Бағжан Отынбай;
  • 54 келі. Аяжан Сыдық;
  • 57 келі. Аяжан Ермек;
  • 60 келі. Толғанай Қасымхан;
  • 63 келі. Аружан Жаңабаева;
  • 66 келі. Ұлдана Таубай;
  • 70 келі. Мария Сидоренко;
  • 75 келі. Шұғыла Нәлібай;
  • 81 келі. Аружан Зейноллаева;
  • +81 келі. Панар Сейітханқызы.

Бүгінде боксшылар дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Дайындықтан соң бірден әлем чемпионатына аттанбақ. 

Айта кетсек, әлем чемпионаты Черногорияның Будва қаласында өтеді.  

Оқи отырыңыз: Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстаннан кімдер қатысады