Әлем чемпионаты: Нұрдәулет Құмарұлы грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды

30.07.2025 21:40

Чемпионатқа 18 елден 18 спортшы қатысты

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байрақты бәсекеде Семей қаласындағы Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің 2-курс студенті Нұрдәулет Құмарұлы 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болып, «Спорт шебері» атағын иеленді.

Чемпионатқа 18 елден 18 спортшы қатысты.

Жас балуан бұған дейін де бірнеше ірі халықаралық жарыстарда топ жарған. 2024 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қола, ал 2025 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ ел ішіндегі чемпионаттарда бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Нұрдәулеттің бапкері – Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Мұрат Амиров.

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Қазақстан семсерлесуден тарихи қола медаль жеңіп алды

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Қазақстан семсерлесуден тарихи қола медаль жеңіп алды