Әлем қырандары: Алматыда бильярдтан халықаралық турнир басталды

Дәстүрлі жарысқа жасы 50-ден асқан спортшылардан жасақталған 20-ға жуық команда қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бильярдтан халықаралық турнир жалауын көтерді. «Әлем қырандары» деп аталатын дәстүрлі жарысқа жасы 50-ден асқан спортшылардан жасақталған 20-ға жуық команда қатысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тастаяқ шеберлері 4 төрт күн бойы мықтыны анықтайды. Қала тұрғындары мен қонақтары ардагер бильярдшылардың  бәсекесін тамашалап, жанкүйер бола алады. Кіру тегін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай жарыстар елдер арасындағы достықты нығайтып, бильярд спортының дамуына септігін тигізеді.

«Төрт жылдан бері Қазақстанда өтетін шараларға қатысып келміз. Бұл – халықаралық турнир. Турнирге Ресейдің, Қырғыстанның, Қазақстанның жақында Өзбекстанның да командасы келген. Елдердің басын біріктіретін жақсы іс-шара деп ойлаймын», – деді  Қырғызстан командасының капитаны Талай Самудинов.

Оқи отырыңыз: Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресінен жеңімпаздар анықталды

Новости партнеров