Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан спортшысы көркем жүзуден қола жүлде иеленді

01.05.2026 10:46

Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап жатыр

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

1-3 мамыр аралығында Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, байрақты бәсекеге 21 елден 150-ге жуық атлет қатысып жатыр.

Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап жатыр.

"Доданың алғашқы күнінде отандастарымыз жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада үздік үштікті түйіндеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов 4-орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 30-дан астам Достық үйі жұмыс істейді - Аида Балаева