Үздік бестікте кімдер орналасқан
"Манчестер Ситидің" бас бапкері Пеп Гвардиола Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасынан қуылғаннан кейін әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sport +-ке сілтеме жасап.
Жылына шамамен 21,5 миллион фунт стерлинг алатын Манчини әлемдегі ең жоғары жалақы алатын менеджер еді, бірақ қазір оны жылына 20 миллион фунт стерлинг алатын Гвардиола көш бастады.
Екінші орында "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета. Испан бапкері 15 миллион табыс табады.
Үздік үштікті "Атлетико Мадрид" командасының бас бапкері Диего Симеоне түйіндеді, ол жалақысын жылына 16 миллион фунттан 13 миллион фунтқа дейін қысқартты.
Үздік бестікке "Реал Мадрид" командасының бапкері Карло Анчелотти мен Фенербахченің бас бапкері Жозе Моуриньо бар.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан барысы" турнирі: жаңа жеңімпаз анықталды