Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Ұлттық олимпиада комитеті
Спортшы Хорватиядағы жарыста қола медаль жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды.
Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.
«Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады», - делінген хабарламада.
Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.
Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40