Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, көктайғақ болады, жел 7-12 м/с күшейеді. Күндіз және түнде ауа температурасы -1°С-тан -3°С-қа дейін болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 3-8 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы 0°С-тан -2°С-қа дейін, күндіз +6°С-тан +8°С-қа дейін жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 0°С-тан +2°С-қа дейін, күндіз +10°С-тан +12°С-қа дейін болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 0°С +2°С, күндіз +3°С +5°С болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -3°С -5°С, күндіз 0°С-тан -2°С-қа дейін жылы болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-ден -3°C-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1 градустан -3 градусқа дейін, күндіз +2 градустан +4 градусқа дейін болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар, көктайғақ, тұман болады, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, көктайғақ болып, жел 5-10 м/с күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -1 градустан -3 градусқа дейін болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан -3 градусқа дейін, күндіз +5 градустан +7 градусқа дейін жылы болады.

Қостанайда бұлтты, қар жауып, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін жылы болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан -3 градусқа дейін, күндіз +3 градустан +5 градусқа дейін жылы болады.

Павлодарда көшпелі бұлтты, өткінші қар жауып, бұрқасын болып, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз 0 градустан -2 градусқа дейін жылы болады.

Петропавлда бұлтты, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4 градустан -6 градусқа дейін, күндіз -2 градустан -4 градусқа дейін аяз болады.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз 0-ден -2 градусқа дейін болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы -4-6°С, күндіз +5-тен +7°С-қа дейін болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -1-ден +1°C-қа дейін, күндізгі температура +8-ден +10°C-қа дейін болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы 0-ден +2°C-қа дейін, күндізгі температура +8-ден +10°C-қа дейін болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2 градустан -3°C-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.

Өскеменде бұлтты, қар жауып, көктайғақ болады, жел 5-10 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы -3-6°С, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров