Қысқа бағдарламадан кейін спортшы 12-орында тұрған еді
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.
"Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады", - делінген хабарламада.
Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді - 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.
Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды - 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді - 215.20 ұпай.
Оқи отырыңыз: Digital Qazaqstan Battle: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды