Михаил Шайдоров Гран-при финалында алтыншы орын алды
instagram.com/mikhail_shaidorov
Қазақстандық спортшы еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нагояда (Япония) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при финалының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
ҰОК таратқан мәліметке сәйкес, аталмыш додада АҚШ спортшысы Илья Малинин топ жарды. Ол еркін бағдарламада бірден жеті төрттік секіруді орындап, жалпы есепте 332,29 ұпай жинады.
Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (302,41) ие болды. Үздік үштікті тағы бір Жапония спортшысы Шун Сато (292,08) түйіндеді.
Қазақстандық Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады. Жалпы есепте 242,19 ұпай еншілеп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.
Оқи отырыңыз: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06