Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды - 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды - 14.566.
Оқи отырыңыз: Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды