Могулшы Анастасия Городко Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Үш спортшының ішінде ең жоғары нәтижеге қазақстандық спортшы қол жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында параллельді могул сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасы сапында Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.

Үш спортшының ішінде ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді. Ол 1/16 финалда Қытай спортшысы Я Янды жеңіп, келесі кезеңге өтті. 1/8 финалда франциялық Камиль Каброльден басым түсті. Ширек финалда қазақстандық спортшы Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, америкалық Джейлин Кауфпен кездесіп, жарыс барысында құлап қалып, өнер көрсетуін аяқтады.

Юлия Галышева алғашқы кезеңнен сәтті өтіп, Оңтүстік Корея өкілі Юн Шин Инді жеңді. Алайда 1/8 финалда отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Хинако Томитаға жол берді.

Аяулым Әмренова алғашқы айналымда канадалық Джессика Линтоннан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жарыста австралиялық Джакара Энтони жеңіске жетті. Екінші орынды америкалық Джейлин Кауф иеленді. Ал АҚШ спортшысы Элизабет Лемли қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы параллель могул бағдарламасы бойынша Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады. 15 ақпанда ерлер арасындағы параллель могул сайысында Павел Колмаков ел намысын қорғайды.

Оқи отырыңыз: Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды

Новости партнеров