11 жастағы қазақстандық қыз Италияда өткен турнирде жеңіске жетті

10.11.2024 12:35

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен үздік атанды

elements.envato.com

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. 

"Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионатының жеңімпазы атанды