Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарында күміс медаль иеленді

04.10.2026 17:00

depositphotos.com

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер командасы шешуші ойынын өткізді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Финалда құрлық фавориттері Қазақстан мен Жапония командасы кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы матч жарыс қожайынының пайдасына шешілді. Есеп: 7-24.

Осылайша, Қазақстан жарысты 2-орында аяқтады.

Қазір Қазақстан еншісінде ойындардың 12 алтын, 24 күміс, 46 қола медалі бар.

Ватерпол – әр жазғы Азиадада Қазақстан тұрақты жүлде алатын жалғыз командалық спорт түрі. Назарыңызға ерлер құрамасының статистикасын ұсынамыз:

1994 жыл. Хиросима (Жапония) – 1-орын
1998 жыл. Бангкок (Таиланд) – 1-орын
2002 жыл. Пусан (Оңтүстік Корея) – 1-орын
2006 жыл. Доха (Қатар) – 3-орын
2010 жыл. Гуанчжоу (Қытай) – 1-орын
2014 жыл. Инчхон (Оңтүстік Корея) – 1-орын
2018 жыл. Джакарта (Индонезия) – 1-орын
2023 жыл. Ханчжоу (Қытай) – 3-орын
2026 жыл. Аичи-Нагоя (Жапония) – 2-орын.

Толық көрсету