Асылхан Көшербай U19 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

03.11.2024 11:54

Спортшы финалдық бәсекеде қарсыласынан айласын асыра алмады

Фото ЖИ көмегімен жасалған

АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз аустралиялық Купер Макконалмен өзара алтынды сарапқа салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде қарсыласынан айласын асыра алмады. Нәтижесінде Купер Макконал 2:3 есебімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс медалді қоржынға салған еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда самбодан өтетін тарихи әлем чемпионатының жүлде қоры қандай