Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспсаөз қызметі мәлімдеді
Париж олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, бұл шешім Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен өткізілген жиналыс барысында қабылданған.
«Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселенің бірі - жаңа құрама капитанын сайлау. Нәтижесінде, спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды», - делінген федерация хабарламасында.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары басталды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!