Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Шымкентте нысана көздеуден халықаралық Гран-при кезеңі өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі таңда Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, ұлттық құрама турнир аясында нысана көздеуден екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Кирилл Цуканов 244.4 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында дәл осы сайыста Ирина Юнусметова 242,5 ұпай еншілеп, алтын тұғырға көтерілді.

Жасөспірім қыздар арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Алисса Краденова 232.1 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді.

Ұлдар арасында Руслан Ершов 213.9 ұпаймен үшінші орынға жайғасып, қола жүлдеге ие болды.

Оқи отырыңыз: Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар