Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.
Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.
Оқи отырыңыз: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды