Президент Геннадий Головкинді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады

23.11.2025 17:49
пресс-служба Акорды

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", – делінген құттықтауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында жеңіске жетті