Ол ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен болатын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Американың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта ирландиялық Ян Гарриді жеңген болатын. Бес раундтық жекпе-жектен кейін төрешілердің шешімімен жеңіс Рахмоновқа берілді.
Бұл Шавкаттың 19-шы жеңісі және Янның алғашқы жеңілісі болды.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының 5 боксшысы финалға шықты